Футбол
16 қазан 14:25

Елдос Сметов футболдағы шеберлігімен таңғалдырды

©

Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов татамиден тыс жерде де өз өнерін көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды. Кеше спортшы достарымен бірге футбол ойнап, ерекше техникасы мен ойынға деген шеберлігі арқылы көзге түсті, - деп жазады Vesti.kz. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода Сметовтің допты шебер игеріп, қарсыластарын алдап өтіп, дәл соққылар жасаған сәттері көрініс тапқан. Желі қолданушылары оның футболдағы қабілетіне тәнті болған. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Qzsport Kazakhstan (@qsport.kz)

Елдос Сметов — Қазақстан тарихында дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған спортшы

Оның басты ерекшелігі — Олимпиада ойындарының барлық жүлдесіне қол жеткізген аз ғана дзюдошылардың бірі болуы. Ол 2024 жылы Парижде алтын, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода күміс, 2020 жылы Токиода қола медаль жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport