Елдос Ахметов "Тараз" команадасына қайта оралды

©"Тараз" ФК

"Тараздың" баспасөз қызметі 31 жастағы қазақстандық қорғаушы Елдос Ахметовпен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Айта кетейік, өткен маусымның соңында Ахметов жамбылдық клубтан кеткен болатын. Одан кейін "Астанамен" келісімшартқа отырып, елордалық командамен бірге Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына аттанды.

Елдос Ахметов – Жамбыл футбол мектебінің түлегі. Ол 2012-2013 жылдар аралығында "Тараз" сапында өнер көрсетіп, өткен маусымда команда капитандарының бірі болды. Ол клуб сапында 46 кездесу өткізіп, 1 гол соққан.

Елдос "Ертіс", "Астана", "Қайрат", "Қайсар" командаларында да өнер көрсетті. Ол Қазақстан Премьер лигасында 196 матчқа қатысып, 8 мәрте мергендігімен көзге түсті. Қорғаушы Қазақстан құрамасында 16 ойын өткізген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport