Елдегі әскери режимге байланысты Украинаның футбол біріншілігі уақытша тоқтатылды

©

Футолдан Украина чемпионаты елдегі әскери режимге байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды Украина премьер-лигасының ресми сайты. 

Еске салайық, бүгін, 24 ақпан күні Украинаның президенті Владимир Зеленский елде әскери режим жарияланғанын хабарлады. Осыған байланысты футболдан Украина біріншілігі тоқтатылды. Енді оның қашан қайта басталатыны белгісіз. 

Қазіргі уақытта Украина чемпионатында 18 ойында 47 ұпай жинаған "Шахтер" командасы көшбасында келеді. Екінші орында "Динамо" (45 ұпай) тұрса, үздік үштікті "Днепр" (40) түйіндеп тұр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport