Қазан айының 16 жұлдызы футбол жанкүйерлері екіге бөлінеді. Дәл сол күні Испания чемпионатының 9-турында "Реал" мен "Барселона" кездеседі, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Сантьяго Бернабеудегі" матчта "бланкостың" негізгі қақпашысы Тибо Куртуа алаңға шыға алмайды. Клубтың медициналық штабы бельгиялық толыққанды жарақатынан айыққанға дейін оған қақпа бағанасын күзетуге рұқсатын бермеген.
Осыған орай, украиналық Андрей Лунин "Эль-Классикода" тұңғыш рет алғашқы минуттан бастап ойнауға мүмкіндік алып отыр.
Лунин осыған дейін "Реалдың" соңғы төрт кездесуінде алаңға шыққан еді.
Ла Лиганың 8 турынан кейін "Барселона" мен "Реал" 22 ұпаймен алғашқы екі орынға жайғасқан.