Эль-Классико. "Реал" өз алаңында "Барселонаны" ұтты

©eurostavka

Испания чемпионаты 9-турының "Реал" мен "Барселона" арасында өткен Мадридтегі матч 3:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Карим Бензема, Федерико Вальверде және Родриго Силва де Гойса пенальтиден салған голдарға каталондықтар Ферран Торрестің дәл соққысымен ғана жауап бере алды. Бұл "Барселонаның" ел чемпионатының осы маусымындағы бірінші жеңілісі. 

Осы жеңіс арқасында "Реал" 25 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші болды. Ал үш балл кем жинаған каталондықтар екінші келеді. 

"Барселона" келесі ойында "Вильярреалмен", ал мадридтіктер "Эльче" командасымен кездесу өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар