Эль-классико. Мүлде күтпеген гол "Реал" - "Барселона" матчінің тағыдырын шешіп кетті

©Reuters

"Барселона" Испания кубогінің 1/2 финалында мадридтік "Реалдан" басым түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз гол 26-минутта салынды. Мадридтіктердің қорғаушысы Эдер Милитао өз қақпасына автогол кіргізіп алды.

5 сәуірде қарымта өтеді.

Ал 19 наурызда командалар "Камп Ноу" стадионында Испания чемпионатының екінші айналымында кездеседі. 2022 жылы қазан айындағы бірінші айналымда "Реал" 3:1 есебімен өз алаңында жеңген болатын.

Ал қаңтарда "Барселона" Испания суперкубогінде "Реалды" ұтып кетен еді - 3:1.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар