Жарнама

Футбол
Бүгін 09:43
 

Эль-класико қарсаңында Винисиустың дублі "Реалды" жеңіске жеткізді

  Пікірлер

blog.share

Эль-класико қарсаңында Винисиустың дублі "Реалды" жеңіске жеткізді ©"Реал" ФК

Мадридтік "Реал" Ла Лиганың 34-турындағы сырт алаңда "Эспаньолмен" матчте жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтік "Реал" Ла Лиганың 34-турындағы сырт алаңда "Эспаньолмен" матчте жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Барселонадағы "RCDE Стэдиум" аренасында өткен кездесу қонақтардың пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Екі гол да үзілістен кейін соғылды. Дубль авторы - Винисиус Жуниор (55 және 66-минут).

Бұл жеңістен кейін "Реал" 77 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орында тұр. Ал "Эспаньол" 39 ұпаймен 13-сатыда орналасқан.

9 мамырдағы келесі турда "Эспаньол" сырт алаңда "Севильямен" кездеседі, ал "Реал" 10 мамырда қонақта "Барселонамен" ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!