Эквадор мен Уругвай әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты

©auf.org.uy

Эквадор құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынында Парагвай құрамасынан жеңілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Сьюдад-дель-Эстеде өткен ойын ойын 3:1 есебімен Парагвайдың пайдасына аяқталды. Бірақ бұл жеңілісіне қарамастан Эквадор құрамасы Катардағы әлем чемпионатының жолдамасын иеленді. 

Ал Уругвай мен Перу арасындағы кездесуде 1:0 есебімен алаң қожайындары жеңіске жетті. Сөйтіп Уругвай құрамасы да Катарға баратын болды. 

Бұл кездесулерден кейін Эквадор мен Уругвайда 25 ұпайдан. Топта үшінші және төртінші орындарда. Ал бесінші орында Перу тұр. Ол құраманың еншісінде 21 ұпай. Енді Перу іріктеу кезеңіне қатысады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport