Футбол
10 маусым 2022 22:25

Эквадор құрамасы әлем чемпионатына қатысатын болды

©Reuters

Футболдан Эквадор құрамасы әлем чемпионатына қатысатын болды. Бұл туралы ФИФА ресми сайты хабарлады. 

Осыған дейін жолдама алып қойған Эквадор құрамасы әлем біріншілігінен шеттетілуі мүмкін деген ақпарат шыққан еді. Оған себеп, Чили құрамасының шағымы болды. Олар Байрон Кастильоны жалған құжат жасап, азаматтық ауыстырды деп айыптады. 

Сол үшін де шағым беруші Эквадор құрамасын ӘЧ іріктеу кезеңіндегі жинаған ұпайынан айыруды талап еткен. Бірақ бұл шағым қанағаттандырылмады. 

Еске салайық, биыл әлем чемпионаты 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport