"Екінші тайм Будапештте өтеді". "Тобыл" бапкері ЧЛ жайлы

©fctobol

"Тобыл" бас бапкері Милан Миланович "Ференцварошпен" өткен ойыннан соң баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Жанкүйерлерге керемет қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Ойынға тоқталсақ, өкінішке қарай гол сала алмадық. Алғашқы 20-25 минутта жақсы ойнадық. Екінші таймның басын да жақсы бастап едік. Тіпті матч соңында есеп ашатын бір-екі мүмкіндігіміз болды. Бұл тек бірінші тайм ғана болды. Енді екінші тайм Будапештте өтеді. Келесі жолы да алаңның орта тұсын тұмшалап, қарсыласқа кеңістік бермеуге тырысамыз. Кездесуден кейін сараптама жасап, келесі матчқа тыңғылықты дайындаламыз",-  дейді Миланович.

Еске салайық, Қостанайдың "Орталық" стадионындағы ойын 0:0 есебімен аяқталды. Енді қарымта матч шілде айының 14 жұлдызы Будапештте өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport