Екінші рет ұтылған Хорватия Еуро-2024 іріктеуінде үшінші орынға түсіп қалды

©twitter.com/HNS_CFF

Хорватия құрамасы Еуро-2024 іріктеуінің сегізінші тур мачтінде Уэльс құрамасынан ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кардиффте өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Алаң иелерінен Харри Уилсон (47 және 60-минут) дубль жасады. Алаң қонақтарынан Марио Пашалич гол салды (75).

Осы ойыннан кейін командалар теңдей ұпай жинап отыр - 10 баллдан. Қосымша көрсеткіштер бойынша D тобында валлиялықтар екінші орынға көтерілді, ал Хорватия үшінші. Бұл топта Түркияның Еуроның финалдық кезеңге жолдамасы бар. 

Жарыс 2024 жылы 14 маусым мен 14 шілде аралығы Германияда өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport