Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Магомед Адиев қазіргі таңдағы ең мықты ойыншылар - португалиялық Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионель Мессиге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Месси "Алтын допты" жеті, ал Роналду бес рет иеленген.
"Екеуі де мықты футболшы және олармен жұмыс істеу кез келген бапкер үшін мақтан. Егер екеуін де жаттықтырған болсам, екеуін де алаңға негізгі құрамда шығаратын едім", - деп жауап берді Адиев Instagram желісіндегі жазылушылардың бірінің сұрағына.