"Ақтөбе" футбол клубы Шымкенттегі жастар командаларының жолдастық матчі кезінде болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, таңертең Шымкент қаласында "Ордабасы" және "Ақтөбе" жастар құрамалары арасында бақылау ойыны өткен.
Кездесудің екінші таймында ойыншылар арасында келіспеушілік туындап, ол кейін жаппай төбелеске ұласқан.
"Өкінішке қарай, төбелес салдарынан "Ақтөбе" клубының екі ойыншысы ауруханаға жеткізілді. Біреуінің бет сүйегі сынған, ал екіншісі ерні мен иегінен жарақат алған. Алғашқы ойыншыға хирургиялық операция жасалады.
Клуб зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қатаң айыптайды және болған оқиғаны тиісті органдар мұқият тексереді деген сенім білдіреді. Сонымен қатар, "Ақтөбе" жарақат алған жас футболшылардың тезірек сауығып кетуін тілеп, оларға қажетті барлық медициналық көмекті көрсетіп жатыр", – делінген клуб хабарламасында.
Сондай-ақ, "Ақтөбе" клубы жарақат алған жас футболшыларға тезірек сауығып кетуін тілеп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.
Жарнама