Екі рет басын ұрды. "МЮ" футболшысын алаңнан ауыр жағдайда алып шықты

Сурет: Sport.pl
"Манчестер Юнайтед" қорғаушысы Эрик Байи Англия кубогындағы "Челсимен" матчте басынан ауыр жарақат алды. 

Бірінші тайм соңында ивуарлық футболшы мен "Челси" қорғаушысы Курт Зума бір-біріне баспен соғылды. Осыдан кейін Байи ары қарай ойнап кетті, алайда, біраз уақыттан кейін командаласы Харри Магуайрмен соқытығысып, тағы да басынан соққы алды. 

Дәрігерлер Эрикті алаңнан алып шығып, басы шайқалмайтындай етіп жатқызды. Ал оны трибуна астындағы орынға апарар бұрын медиктер ұзақ уақыт көмек жасады. Футболшыға оттегі маскасы кигізілді. 



Кездесудің өзі 3:1 есебімен "Челси" пайдасына аяқталды. Келесі ойында команда "Арсеналмен" кездеседі. Матч 1 тамыз "Уэмблиде" өтеді.