Екі ойыншыны алаңнан қуды. "Алашкерттен" ұтылған "Қайрат" Еуропа лигасынан шығып қалды

Сурет: "Қайрат" ФК©

"Қайрат" Еуропа лигасы үшінші іріктеу раундының қарымта матчінде "Алашкерттен" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ереванда өткен кездесу 2:3 есебімен аяқталды. 

"Алашкерт" шабуылшысы Жозе Эмбалу 43-минутта есеп ашты. Алайда бірінші тайм соңына дейін Айбол Әбікен есепті теңестіре алды. 

50-минутта Эмбалу дубль жасады, дегенмен, "Қайрат" есепті қайта теңестірді - Артур Шушеначев 61-минут. 

Осы голдан кейін бірден алматылықтар азшылықта қалды. Белорус қорғаушысы Денис Поляков алаңнан қуылды.

Алдыңғы ойын да тең аяқталғандықтан экстра-тайм қосылды. 

92-минутта "Қайрат" тағы бір ойыншысынан айырылды, төреші Айбол Әбікенге алдымен сары қағаз көрсетті. Бірақ не үшін екені де белгісіз. Оның үстіне бірінші сары қағаз ойыншыны алаңнан қууға себеп емес. 

Осылайша, алаңда он бірге қарсы тоғыз футболшы болып ойнаған алматылықтар шешуші голды жіберіп алды.

"Қайрат" екі ойын қорытындысы бойынша "Алашкерттен" ұтылып, Еуропа лигасынан шығып қалды. Енді алматылықтар Конференция лигасының топтық кезеңіне шығу үшін таласады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport