Геворг Наджарян командасымен бірге Чемпиондар Лигасының бірінші айналымында жемісті өнер көрсеткені үшін қосымша табысқа кенелді, деп жазады Армянский футбол | Armenian Football Group | AFG басылымы.
24 жастағы Наджарян "Пюник" сапында алаңға негізгі уақыттың аяқталуына бірнеше минут қалғанда шықты. Нәтижесінде негізгі уақыт пен экстра таймда 2:2 және пенальти сериясында 3:4 есебімен армениялық клуб жеңіске жетті.
Осы жеңісінің арқасында әр ойыншыға 5000 АҚШ доллар (2,4 миллион теңге) сыйақы беріледі.
Еске салайық, Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу айналымында Арменияның "Пюнигі" мен Румынияның "ЧФР Клуж" клубтары кездесіп, Қап тауының өкілдері екінші айналымға жолдама алды.