"Екі команданы атаймын". Хабиб Нурмагомедов Еуро-2020 турнирінде кім жеңетінін айтты

Сурет: Sportbox

Жеңіл салмақта UFC промоушенінің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Еуро-2020 турниріне қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды sports.ru

"Екі команданы атайын – Бельгия және Англия. Осылар маған қатты ұнайды. Командалары жас және жақсы жасақталған. Англия қазіргі құраммен азырақ ойнап, толық үйреніспеген болар. 

Осы чемпионатта мен үшін ағылшындар мен бельгиялықтар фаворит", - дейді Хабиб. 

Еске салайық, Еуроның 1/4 финалында Бельгия құрамасы Италиямен, ал Англия командасы Украинамен ойнайды.