Мексика құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Эквадорды ұтып, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мехикодағы әйгілі "Ацтека" стадионында өткен кездесу алаң иелерінің 2:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Екі гол да бірінші таймда соғылды. 22-минутта Хулиан Киньонес есеп ашса, 31-минутта Рауль Хименес Мексиканың басымдығын еселей түсті.
Айта кетейік, күн райнының қолайсыздығына байланысты матчтың басталуы бір сағатқа кейінге шегерілген болатын.
Мексика топтық кезеңде барлық үш ойында жеңіске жетіп, Оңтүстік Африканы (2:0), Оңтүстік Кореяны (1:0) және Чехияны (3:0) ұтқан еді.
Ал Эквадор өз тобында Кот-д'Ивуардан 0:1 есебімен ұтылып, Кюрасаомен 0:0 есебімен тең ойнады және Германияны 2:1 есебімен сенсациялық түрде жеңді.
Енді Мексика құрамасы 6 шілдеде өтетін 1/8 финалда Англия мен Конго арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы – Аргентина құрамасы.
Жарнама