Екі бірдей ойыншы ҚПЛ клубымен келісімшарттарын бұзды

Ильдар Аитов. Сурет: ФК "Қызыл-Жар"©

Петропавлдық "Қызыл-Жар" тәрбиеленушілері Ильдар Аитов пен Виктор Гунченко клубпен өзара келісім негізінде келісімшарттарын бұзды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Бейресми дереккөздердің хабарлауынша, Қазақстан чемпионатының биылғы маусымында өз клубтарының сапында жеткілікті ойын тәжірибесін ала алмай жатқандықтан келісімшартты бұзуға ойыншылардың өздері ниет білдірген.  Аитов пен Гунченко басшылықтан келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуды өтінген. 

31 жастағы футболшы биылғы ел біріншілігінде алаңға мүлде шықпаған болса, 27 жастағы Гунченко тек бір ойын ғана өткізген. 

Естеріңізге сала кетейік, 13 ойында 18 ұпай жинаған"Қызыл-Жар" турнир кестесінде сегізінші орында. Петропавлдықтар келесі ойынды 12 маусым күні сырт алаңда "Шахтерге" қарсы өткізеді. 

Метки: