Эден Азар футболшы карьерасын аяқтады

©Marca.com

Бельгиялық шабуылшы Эден Азар футболшы карьерасын аяқтады, деп хабарлайды Get French Football News.

Мәлімет бойынша, 32 жастағы футболшыға әр түрлі клубтардан ұсыныстар түскен, алайда ол ешкіммен келісімшартқа отырмады. 

Еске салайық, 2019 жылдан бері Азар "Реал" сапында өнер көрсетті. Өткен маусымда ол тек 10 матчқа қатысты. Сонымен қоса, жартылай қорғаушы "Челси" мен "Лилль" командаларында да ойнады. Азар үш дүркін Испания чемпионы, екі дүркін Испания кубоігінң иегері және Чемпиондар лигасының жеңімпазы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар