Эден Азар Бельгия құрамасындағы карьерасын аяқтады

7 желтоқсан 2022 17:53
©twitter.com/brfootball

"Реал" мен Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Эден Азар ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Бүгін ұлттық құрамадағы карьерамды аяқтадым. Сіздердің қолдауларыңызға рахметімді айтамын. 2008 жылдан бері еліміздің басты командасында доп теуіп келдім. Өкінішке қарай құрамадағы ойынымды осымен тоқтаттым. Артымыздан жастар өсіп келе жатыр. Жолымды соларға бердім", - деп жазды Азар.

Еске салайық, Азар алғаш рет Бельгия құрамасының сапында 2008 жылдың 19 қарашасында алаңға шықты. 126 матчта 33 гол салды. 36 рет нәтижелі пас беріп, капитан ретінде алаңға 56 мәрте шықты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар