Эден Азар "Алтын допты" кім алатынын айтты

©Reuters

"Реал" жартылай қорғаушысы Эден Азардың айтуынша, маусым қорытындысы бойынша "Алтын допты" Карим Бензема алады. Бұл туралы бельгиялық ойыншы Marca басылымына берген сұхбатында айтты.

"Қазіргі таңда Бенземаға тең келер ешкім жоқ. Де Брейне, Куртуа, Мане мен Винисиус осы маусымда тамаша ойнап шықты. Алайда "Алтын доп" пайызға шаққанда 99% Бенземаға тиесілі. Менің ойымша, ол жүлдені алу керек. Карим "Алтын допты" алуға әбден лайық", - деді Азар.

Еске салайық, Бензема 2021/2022 жылғы Чемпиондар лигасының маусымында 12 матчта 15 рет гол салды. Сонымен қатар, екі рет нәтижелі пас берді. Салыстырмалы түрде "Бавария" форварды Роберт Левандовски 12 гол соқса, "Аякс" шабуылшысы Себастьен Аллер 11 рет ерекшеленді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport