Ағылшындық "Ньюкасл" командасы мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Эден Азарты қатарына қосуы мүмкін, деп жазады Defensa Central порталы.
Дереккөздің ақпараты бойынша, бельгиялық футболшы жазда "Реал" сапынан кеткісі келеді. Осы сәтті пайдаланып "Ньюкасл" бұл футболшыға бірінші болып ұсыныс жасаған.
Еске салайық, Азар "Реал" сапына 2019 жылы 115 миллион еуроға ауысқан болатын. Ол биыл мадридтік командамен Испания біріншілігінде 17 кездесуге қатысып, бір нәтижелі пас берді. Ал осыған дейін "Реалдың" өзі Азарды сатуға ниетті екені айтылды.