Душан Влахович "Ювентуске" 75 миллион еуроға ауысады

©Getty Images

"Фиорентина" шабуылшысы Душан Влахович "Ювентуске" ауысады. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо twitter парақшасында жариялады. Туриндік клуб Влахович үшін 75 млн еуро төлеуге дайын.

Сербиялық форвард болса "Ювентус" сапында жылына 7 млн еуро табады деген ақпарат бар.

Еске салайық, Влахович "Фиорентинада" 2018 жылдан бері доп теуіп келеді. Ол осы уақыт аралығында 97 матчта 43 гол соққан. Сербия құрамасында 14 ойында 7 рет ерекшеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар