"Дұға етемін". Әйгілі Роналдиньо түрмедегі күйзелісі жайлы

Сурет: Football-Fun.ru
Бразилия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Роналдиньо Парагвай түрмесіне отыруына қатысты алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды The Sun.

Роналдиньоның түрмедегі суреті желіде жарияланды

Спортшының сөзінше, ол төлқұжатының жасанды екенін білмеген. "Сол уақыттан бастап біздің ниетіміз осы мәселені анықтау үшін тергеуге қызметтес болу еді", - дейді Роналдиньо.

Сонымен бірге, футболшы түрмеге отыратынын туралы жаңалық оны қатты күйзелткенін айтады. Ол енді дұға жасап, жақында бәрі оңынан шешілетініне сенетінін атап өтті. 

Әйгілі футболшы Роналдиньо Парагвайда тұтқындалды