Дубль жасаған Холанд "Манчестер Ситиге" жеңіс сыйлады

29 желтоқсан 2022 11:48
©"Манчестер Сити" ФК

"Манчестер Сити" Англия чемпионатының 17-турында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz

Хосеп Гвардиоланың командасы сырт алаңда "Лидс Юнайтед" клубын 3:1 есебімен ұтты. 

"Қалалықтар" бірінші таймға қосылған уақытта есеп ашты, гол авторы Родриго Эрнандес. 

Екінші таймда норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанд дубль жасады. Ал 73-минутта Паскаль Стрейк "Лидс" үшін бір гол сала алды. 

"Манчестер Сити" АПЛ-дің турнир кестесінде екінші келеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар