"Дуалап қойған секілді". "Манчестер Юнайтед" қақпашысы сәтсіз ойындардың себебін айтты

©МЮ ФК

"Манчестер Юнайтед" қақпашысы Давид де Хеа соңғы кездері командасының не себепті жолы болмай жүргенін түсіндірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Шынымды айтсам, біздің команданы біреулер дуалап қойған секілді. Жолымыз болмай жүр. Біз бұл турасында командаластарымызбен сөйлесеміз. Себебін анықтауға тырысамыз. Алайда әлі күнге дейін жауабын таппай келеміз", - дейді испаниялық голкипер Хеа El Pais сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, Англия чемпионатында 23 матчтан кейін "қызыл сойқандар" 39 ұпаймен алтыншы орынға жайғасқан. Ал Премьер-лиганың барлық кездесуінде алаңға шыққан де Хеа 31 гол өткізді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport