"Мали" құрамасының футболшылары "Тунис" командасын ұтып, Мароккода өтіп жатқан Африка ұлттар кубогінің ширек финалға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. 88-минутта Фирас Шауат есеп ашса, 96-минутта малиліктер Лассина Синайоконың дәл соққысымен таразы басын теңестірді, ол пенальтиді сәтті орындады. Айта кетейік, 26-минуттан бастап "Мали" құрамасы Войо Кулибалидің алаңнан қуылуына байланысты азшылықта ойнады.
Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталған жоқ. Ал пенальти сериясында сәттілік "Мали" құрамасының жағында болды - 3:2.
Осылайша, "Тунис" құрамасы Африка ұлттар кубогі-2025 турнирінен шығып қалды, команда 1/8 финал матчі алдында фаворит саналған еді. Ал "Мали" ширек финалда "Сенегал" құрамасымен кездеседі. Матч 9 қаңтарда өтеді.
Жарнама