Дортмундтың "Боруссиясы" бас бапкерін қызметінен босатты

©Reuters

Дортмундтық "Боруссия" бас бапкер Марко Розенің клубтан кеткенін хабарлады. 45 жастағы маманмен бірге оның көмекшілері Рене Марич, Александр Циклер және Патрик Айбенбергер де өз орындарын босатты.

"Боруссияның" ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, маусымдағы нашар нәтижелерге байланысты клуб басшылығы мен жаттықтырушы өзара келісім бойынша ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылданған.

Еске салайық, Марко Розе "Боруссияны" 2021 жылдың шілдесінде тізгіндеген болатын.

Неміс маманының жетекшілігімен дортмундтық клуб Бундеслигада "Бавариядан" сегіз ұпайға артта қалып, екінші орынға жайғасты. Ал Чемпиондар лигасында "аралар" топтық кезеңнен әрі аса алмады.

Фабрицио Романоның хабарлауынша, "Боруссия" 39 жастағы Эдин Терзичке бас бапкер қызметін ұсынған. Өткен жылы бас бапкердің міндетін атқарған хорватиялық маман осы жолы дортмундтық клубтың тізгінін өз қолына алмақ ниетте. Жаздан бері Терзич клубтың техникалық директоры болып жұмыс істеуде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport