Футболдан Еуропа Лигасының 1/16 финалының екінші кездесуінде "Рейнджерес" пен Дортмундың "Боруссиясы" тең түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Айброкс" стадионындағы матчта қос ұжым 2:2 есебін тіркеді. "Рейнджерс" сапында капитан Джеймс Таверниер 22-минутта пенальтиден есеп ашса, 57-минутта дубль авторы атанды. Ал қонақтардан Джуд Беллингем 31-минутта таразы басын теңестірді. Сонымен қатар, Дониэлл Мален кездесудің 42-минутында командасының екінші голын соқты.
Осылайша, қос ойынның қорытындысы бойынша Шотландияның 55 дүркін чемпионы 6:4 есебімен жеңіске жетті. Апта бұрын Германиядағы кездесуде алаң иелері 2:4 нәтижесімен ойсырай ұтылған еді.
Еске салайық, Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холланд жарақатына орай соңғы 4 ойында алаңға шықпады.