Футбол
22 маусым 2022 16:55

Допингпен ұсталған Айбол Әбікеннің қанша уақытқа футболдан шеттетілгені белгілі болды

©ҚФФ

Допингпен ұсталған Айбол Әбікеннің қанша уақытқа футболдан шеттетілгені белгілі болды. Бұл  туралы "СпортРадар.kz" телеграм арнасы хабарлады. 

"ФИФА ұйымындағы дереккөздердің маған айтқан ақпараты бойынша, Айбол Әбікен үш жылға шеттетіліпті. Бекем бол, Айбол", - деп жазады дереккөз. 

Еске салайық, Әбікеннен допингтің табылғаны туралы ақпарат мамырда шықты. Допинг сынама футболшыдан Ұлттар лигасы Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы кездесудің алдында алынған. Кейін жартылай қорғаушының "Б" сынамасы да қаралып, одан да допинг бары белгілі болды. 

Айта кетейік, осымен Қазақстан құрамасының үшінші футболшысынан допинг табылды. Бұған дейін допинг үшін Бауыржан Исламхан екі жылға шеттетілген болатын. Ал 2021 жылы Руслан Валиуллин де екі жылға шеттетілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport