Допингпен ұсталған Әбікен жаңа команда тапты

©Қайрат ФК

Айбол Әбікен бұдан былай блогерлердің "SD Family" әуесқойлар командасында ойнайды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

"Қайрат" клубының түлегі мен Қазақстан құрамасының ойыншысы, Қазақстан Кубогінің екі дүркін иегері және ел чемпионы ресми түрде "SD Family" ойыншысы атанды.

Айбол 13 тамызда "Астана Аренада" "STARMIX" командасына қарсы матчта алаңға шығады", - делінген клубтың жазған хабарламасында.

Еске салайық, Айбол Әбікен допинг сынамасын тапсырып, оның ағзасынан милдронат табылған еді. Соның салдарынан жартылай қорғаушы кәсіпқой футболдан төрт жылға шеттетілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар