Допингпен шеттелген қазақстандық футболшы еуропалық клубтан шақырту алды

©Vesti.kz/Алихан Сариев

Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан карьерасын болгариялық "Левски" сапында жандандыруы мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Мәлімет бойынша, футболшымен софиялық клуб бапкері Станимир Стойлов байланысқа шыққан екен. Маман Бауыржанды Қазақстан құрамасынан бері жақсы таниды. Сонымен қоса, Стойлов "Астананы" жаттықтырған уақытта да Исламхан астаналықтардың басты қарсыласы "Қайратта" ойнаған. 

Еске салайық, Бауыржан Исламхан 2020 жылы допинг үшін екі жылға шеттелген еді. Биыл оның жаза мерзімі аяқталады да, футболшы алаңға ресми түрде орала алады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар