Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен Ресейдегі Медиалиганың екінші маусымындағы матчте дубль жасады, деп хабарлайды Vesti.kz. Осы турнирде Айбол үшінші рет дубль жасап отыр.
Айбол SD Family үшін Goats клубына қарсы ойнады, алайда, оның командасы бәрібір ұтылып қалды - 2:4.
Еске салайық, Айбол Әбікен допинг үшін төрт жылға футболдан шеттелген болатын. Футболшының өзі кінәні мойындамады. SD Family қазақстанның екінші лигасындағы команда екенін айта кетейік.