Допингпен шеттелген Бауыржан Исламханға бірнеше команда қызығушылық білдіруде

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Бауыржан Исламхан ҚПЛ-ге қайта оралуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, тәжірибелі футболшыға бірнеше қазақстандық команда қызығушылық білдіруде. Олардың қатарында "Тараз" да бар. 

"Күзде Исламхан жазасын өтеп бітеді. Бірақ қазірдің өзінде Бауыржан үшін ҚПЛ-дің бірнеше командасы талас жүргізуде. Маусым біте салысымен бірнеше команданың басшылары Исламханға ұсыныс жасауға дайын отыр. Олардың бірі - 29 жастағы футболшының бірінші командасы "Тараз", - деп жазады "Гол емес" телеграм арнасы. 

Еске салайық, Исламхан рұқсат етілмеген дәрумен қолданғаны үшін екі жылға футболдан шеттетілген болатын. Футболшыдан допинг 2020 жылдың 16 қыркүйегінде табылып, футболшы екі жылға шеттетілді. Ол соңғы рет шаршы алаңға 2020 жылдың қазан айында "Аль-Айн" командасы сапында БАӘ чемпионатында ойнады. 

"Аль-Айн" командасына дейін Исламхан "Қайрат" сапында ойнады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар