Допинг үшін шеттелген қазақстандық футболшының жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін

©ҚФФ

Қазақстандық жартылай қорғаушы Айбол Әбікен футболдан шеттетілген мерзіміне шағым берді. Енді оның жаза мерзімі айтарлықтай қысқартылуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Еске салайық, мамыр айында Әбікеннің қанынан рұқсат етілмеген дәрумен - милдронат табылған болатын. Содан соң ол футболдан төрт жылға шеттетілді. 

Бірақ алдағы уақытта шеттету мерзімін 2 не 3 жылға қысқартуы мүмкін. Егер бәрі ойдағыдай болатын болса, Айбол медиа турнирде SD Family командасында өнер көрсетуден бас тартады. 

Айта кетейік, жуырда футболдан екі жылға шеттетілген Бауыржан Исламхан қайта оралған болатын. Әбікеннен басқа Қазақстан құрамасы сапында Руслан Валиуллин де допингпен ұсталып, шеттетілген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар