Футбол
11 қараша 2021 15:15

Допинг дауына іліккен Бауыржан Исламхан қайта жаттығуға кірісті

©ҚФФ

Қазақстандық футболшылар Бауыржан Исламхан мен Ермек Қуантаев жаттығуға кірісті. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлайды. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан 2020 жылы "Аль-Айн" командасы сапында жүрген кезінде допингпен ұсталып, екі жылға спорттан шеттетілген болатын. Жуық арада жартылай қорғаушының жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін. 

Ал Ермек Қуантаевтың ойнамағанына біраз уақыт болды. Оның соңғы командасы "Тараз" болған еді. Жамбылдық командаға ол "Тұраннан" ауысып келді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport