"Допинг анықталса, футболшының өзі жауап береді". "Қайрат" басшысы Әбікен туралы
Алматылық "Қайрат" командасының бас директоры Асқар Есімов Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында клуб допинг қолданды деп айыпталып жатқан Айбол Әбікенмен келісімшартты бұза ма, жоқ па деген сауалға жауап берді.

"Қайрат" футбол клубы допинг қолдануға түбегейлі қарсы. Егер дәлелденсе, онда Әбікен кінәлі. Ол мәселеге футболшының өзі жауап береді. Допинг анықталған кезде ол біздің командада емес, "Ақсу" сапында болды ғой. Әбікен сол клубтың футболшысы. Егер допинг анықталса, келісімшартты бұзамыз ба? Әрине", - деді алматылық клубтың басшысы.
Еске салайық, Әбікеннен Ұлттар лигасы Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы кездесудің алдында рұқсат етілмеген дәрумен табылған. Жартылай қорғаушы бұл уақытта "Қайраттан" кетіп, павлодарлық "Ақсу" сапында болды.
Биыл Әбікен ҚПЛ-де жеті кездесуге қатысып, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, осыған дейін допинг қолданғаны үшін Қазақстан құрамасының футболшылары Бауыржан Исламхан мен Руслан Валиуллин екі жылға шеттетілген болатын.
Жарнама