Доннарумма ПСЖ клубына ауысты

сурет: PSG

Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма ПСЖ клубына ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Еуро-2020 турнирінің үздік ойыншысы жаңа командасында 50 нөмірімен қақпа бағанын күзетеді. Доннарумма париждіктермен 2026 жылға дейін келісімшарт жасасып отыр.

2020/21 жылғы маусымда ол "Милан" сапында 50 рет алаңға шығып, 15 кездесуде қақпасына гол өткізбеген. Сонымен қатар, Италия құрамасымен бірге Еуропа чемпионатында топ жарды.

Метки: