Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Шомко Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында келесі маусымда карьерасын қайда жалғастыратынын айтып берді. Сонымен қатар, ол "Ақтөбе" сапынан "Астанаға" ауысуы туралы сұраққа жауап берді.
"Ақтөбе" командасымен қоштастым ба? Қазіргі уақытта бұл командамен менің келісімшартым аяқталды. Әлеуметтік желіде жанкүйерлермен қоштасқым келді. "Ақтөбеде" қаламын ба, жоқ па - оны уақыт көрсетеді.
"Астанаға" ораламын ба? Ол туралы айту әлі ерте. "Астана" командасының басшылары немесе бапкерлері маған, не менің агентіме қоңырау шалған жоқ. Жалпы ұсыныстар бар. Агентіммен бірге ойланамын", - деді Шомко.
Айта кетейік, биыл Шомко ҚПЛ-де 24 кездесу өткізіп, үш нәтижелі пас берді. Ал "Ақтөбе" болса маусымды екінші орында аяқтады.