Футбол
17 маусым 12:38

Джуд Беллингем футбол тарихына атын жазды

©facebook.com/EnglandTeam

Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем Еуродағы матчте Англия құрамасына Сербияны ұтуға (1:0) көмектесті, деп жазады Vesti.kz. Матчтегі жалғыз голды ол кездесудің 13-минутында салды. 

Opta Sports мәліметінше, Беллингем 21 жасына дейін ірі үш турнирде ойнаған алғашқы еуропалық болып отыр.

20 жастағы футболшы Еуро-2020, 2022 жылғы ӘЧ мен Еуро-2024 турнирінде өнер көрсетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport