Джон Терри өзінің рекордын жаңартқан Магуайрды құттықтады

©The Guardian

Англия құрамасының экс-қорғаушысы Джон Терри өзінің рекордын жаңартқан Харри Магуайрды құттықтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Харри, шын жүректен құттықтаймын. Құрама тарихындағы ең үздік сұрмерген қорғаушы атануыңмен!", - деп жазды инстаграм парақшасында Терри.

Еске салайық, Джон Терри Англия құрамасы сапында қорғаушылар арасында ең үздік сұрмерген атанып келген болатын. Ол 2003-2012 жылдары Англия құрамасында өткізген 78 матчта 6 гол салған.

ӘЧ-2022 турнирінің іріктеуінде Сан-Мариномен кездескен ағылшындар қарсылас қақпасына жауапсыз 10 гол соқты. Ал қорғаушы Магуайр құрама сапындағы жетінші голын салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: