Джеррардтың командасы. "Қайратты" Еуропа лигасынның плей-офф раундында "Рейнджерс" күтіп тұр

Сурет: Livesport

"Қайраттың" Еуропа лигасы плей-офф раундындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматылықтардың қарсыласы шотландиялық "Рейнджерс" болады, Стивен Джеррардтың командасы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу раундындағы қарымтада "Мальмеге" есе жіберді. 

Глазгода өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Альфредо Морелос 19-шы минутта гол салды, "Мальме" бұған Антонио Чолактың дубльімен жауап қайтарды (53 және 58-ші минут). 45-ші минутта "Мальме" жартылай қорғаушысы Бонке Инносент алаңнан қуылған болатын.

Алайда шотландиялықтармен ойнау үшін "Қайратқа" алдымен армениялық "Алашкертті" ұту керек. Алматыдағы бірінші ойында есеп ашылмады, қарымта 12 тамыз Ереванда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар