"Қайраттың" Еуропа лигасы плей-офф раундындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматылықтардың қарсыласы шотландиялық "Рейнджерс" болады, Стивен Джеррардтың командасы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу раундындағы қарымтада "Мальмеге" есе жіберді.
Глазгода өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Альфредо Морелос 19-шы минутта гол салды, "Мальме" бұған Антонио Чолактың дубльімен жауап қайтарды (53 және 58-ші минут). 45-ші минутта "Мальме" жартылай қорғаушысы Бонке Инносент алаңнан қуылған болатын.
Алайда шотландиялықтармен ойнау үшін "Қайратқа" алдымен армениялық "Алашкертті" ұту керек. Алматыдағы бірінші ойында есеп ашылмады, қарымта 12 тамыз Ереванда өтеді.