Джанлуиджи Доннарумма "ПСЖ" клубында бақытты екенін айтты

©Getty Images

Италия құрамасының қақпасышысы Джанлуиджи Доннарумма "ПСЖ" сапында бақытты екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Париж қаласының намысын қорғап жүргеніме бақыттымын. Кейлор Наваспен арамыздағы қарым-қатынасымыз жақсы. "ПСЖ" сапында үлкен белестерді бағындырғым келеді", - деп журналист Фабрицио Романо Доннарумманың сөзін келтірді.

Еске салайық, италиялық голкипер өткен жылы "Миланнан" париждіктердің сапына тегін ауысқан болатын. Оның жылдық табысы 12 миллион еуроны құрайды. Әзірге Франция чемпионатында Кейлор Навас 13 рет ойнаса, Доннарумма алаңға 10 рет шықты. "Милан" клубымен 2016 жылы Италия кубогін жеңіп алды. Италия құрамасының сапында Ұлттар лигасының қола жүлдегері атанды. Сонымен қатар, Еуро-2020 турнирінің кубогін иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport