Джанлуиджи Буффон қазіргі уақыттағы әлемнің үздік үш қақпашысын атады

©instagram.com/buffon.ir1

Танымал бағана күзетуші Джанлуиджи Буффон қазіргі уақытта әлемнің үздік қақпашылары кімдер екенін айтты. 

"Куртуа, Доннарумма және Облак пен Нойер екеуінің біреуі қазіргі уақытта әлемнің үздік қақпашылары", - деп келтіреді Буффонның сөзін DAZN. 

Айта кетейік, 44 жастағы Буффон соңғы екі маусымда Б сериясындағы "Парма" командасының намысын қорғауда. Турнир кестесінде бұл команда алтыншы орында келеді. Ол сонымен қатар ПСЖ және "Ювентус" командаларының намысын қорғаған. Ал Италия құрамасы сапында қақпашы 176 кездесу өткізген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: