"Динамо" ЧЛ-дің топтық кезеңіне жақындай түсті

©Динамо К ФК

Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу айналымында Киевтің "Динамосы" мен Аустрияның "Штурм" клубтары кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ойын Польшаның Лодз қаласындағы "ЛКС Аренасында" өтті.

Матчтағы жалғыз голды 28-минутта Александр Караваев салды. Ол Владислав Дубинчак асырған допты жерге қондырмастан қақпаны дәл көздеді. Қарымта кездесу 10 тамызға жоспарланған. Қос матчта үздік шыққан команда Бенфика (Португалия) мен Мидтьюланн (Дания) жұбының жеңімпазымен топтық кезеңнің жолдамасын сарапқа салады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport