Футбол
28 қаңтар 2021 13:08

Дидар Жалмұқан қайтадан "Ақтөбе" сапында ойнауы ықтимал

Сурет: "Астана" ФК

Қазақстандық жартылай қорғаушы Дидар Жалмұқан өз клубына оралуы мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz.

24 жастағы хавбек Түркияда жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Ақтөбеге" бақылау ойнынға келді. Ақтөбеліктер сапында ол 60 ойынға қатысып, 11 гол салған еді.  

Өткен маусымды Дидар "Астана" сапында өткізіп, 13 матчте екі гол соқты. Сонымен бірге, ол "Тобыл" мен "Атырау" сапында да өнер көрсеткен. 

Еске салайық, "Ақтөбе" премьер-лигаға қайта көтерілді.