Дэвид Бекхэм II Елизавета табытының маңында кезекте бір күн тұрған

17 қыркүйек 2022 13:16
©Globallookpress

Футболдан Ұлыбритания құрамасының бұрынғы ойыншысы Дэвид Бекхэм патшайым ІІ Елизаветаға құрмет көрсету үшін 12 сағаттан аса уақыт кезекте тұрды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News телеарнасына сілтеме жасап. 

Ұлыбритания құрамасының бұрынғы капитаны костюм, галстукпен келген. Бекхэм қарапайым азаматтармен бірге кезекке тұрған.

"Бұл - қайғылы күн, бірақ, біз оның қалдырған керемет мұрасын еске алатын күн", - деді Бекхэм.

Айта кетейік, II Елизаветаның денесі салынған табыт 14 қыркүйектен бастап Лондондағы Вестминстер сарайында тұр. Жерлеу рәсімі болатын 19 қыркүйекке дейін онымен қоштасуға болады. Тілек білдірушілер санының көптігіне байланысты адамдар кезекте ұзақ тұруға мәжбүр.

Еске салайық, Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета Балморалда 96 жасында қайтыс болған еді. Ал жаңа патша Елизаветаның ұлы Чарльз болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport