Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Футболдан Испания чемпионатының 19-шы турында "Барселона" мен "Эспаньол" тең ойнады.
"Эспаньола" алаңында өткен каталондық дерби 2:2 есебімен аяқталды. Алаң иелерінен Давид Лопес (23-ші минут) пен У Лэй (88-ші) гол салды. Ал "Барсада" Луис Суарес (50) және Артуро Видаль (59) көзге түсті.
Айта кету керек, "Барселона" 75-ші минуттан бастап азшылықта ойнады, жартылай қорғаушы Френки де Йонг 66 және 75 минутта екі рет сары қағаз алып, алаңнан қуылды.
"Барселона" 40 ұпаймен Ла Лига турнир кестесінде бірінші, каталондықтар қосымша көрсеткіштер бойынша мадридтік "Реалдан" (40) алда. "Эспаньол" 11 баллмен соңғы.
Жарнама